Басқа

Санжар Мұсаев: Жаттығу жиынынан кейінгі жоспар пандемияға байланысты

Санжар Мұсаев: Жаттығу жиынынан кейінгі жоспар пандемияға байланысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық садақшылар Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» олимпиадалық орталығында дайындықтарын пысықтап жатыр. Ұлттық құрама мүшесі Санжар Мұсаевтың айтуынша, жаттығу жиынынан кейінгі жоспар пандемияға байланысты өзгеруі мүмкін.

"Оқу-жаттығу жиыны өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жаттығу жиынына қатысушыларға қойылған ең бірінші шарт – санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақтау.

Жасыратыны жоқ, 6 ай уақыт ішінде команда мүшелері бір-бірін сағынып қалған. Бір-бірімізбен қауышып, жаттығуды белсенді және тиянақты түрде жасап жатырмыз.

Бұл карантиндегі алғашқы оқу-жаттығу жиынымыз болғанымен, біз форманы жоғалтпадық. Себебі, үйде де жаттығуды тоқтатпадық.

Жарыс күнтізбесінде бірнеше турнирлер тұрғанымен олардың нақты қашан және қайда өтетінін ешкім кесіп айта алмайды. Себебі, енді барлығы әлемдегі және Қазақстандағы пандемияға байланысты", - дейді Санжар Мұсаев.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер