Бокс

Жәнібек Әлімханұлы спарринг өткізді. Фото

Жәнібек Әлімханұлы спарринг өткізді. Фото
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қазан айының басында өтетін жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Боксшы твиттер парақшасында бапкері Бадди Макгиртпен және спарринг-серіктесімен бірге түскен фотосуретін жариялады.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 9 қазанда Лас-Вегастағы MGM Grand кешеніндегі The Bubble аренасында өтеді. 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы қазірше белгісі.

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында өткізген болатын. Бір жыл бұрын ол Альберт Онолуносені алтыншы раундта нокаутқа түсірген еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер