Күрес

Иранды әлемдік спорттан шеттету ұсынылды

Иранды әлемдік спорттан шеттету ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Иранда 27 жастағы балуан Навид Афкаридің өлім жазасына кесілуі Халықаралық олимпиада комитетінің үрейін ұшырды, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, кісі өлтірді деп айыпталған ирандық спортшы Навид Афкари 12 қыркүйекте өлім жазасына кесілген.

Навид Афкари күрестен Иран чемпионы атанған. Ол 2018 жылы Иран оңтүстігінде Ширазе қаласында үкіметке қарсы наразылық акциялары кезінде адам өлтірді деп айыпталған. Бұл халықаралық резонанс туғызған.

Афкаридің туыстары және белсенділер құқық қорғау органдары оны қинап, өзі жасамаған істі жасады деп айтқызуға мәжбүрлегенін айтып келді. Спортшының адвокаты оның кінәсі туралы ешқандай дәлел жоқ екенін білдірген.

Иранның сот жүйесі азаптау бойынша айыптауларды теріске шығарған.

Спортшылардың бүкіләлемдік кәсіподағы егер өлім жазасы жүзеге асырған Иранды әлемдік спорттан шеттетуге шақырды.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт спортшыны құтқарып қалуға тырысқанын мәлімдеген болатын.

Иранда балуанға шығарылған өлім жазасы орындалды

UFC басшысы Иранда өлім жазасына кесілген балуанды құтқарғысы келгенін айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер