Әлем футболы

«Атлетиконың» бұрынғы ойыншысы 30 жасында мансабын аяқтады

«Атлетиконың» бұрынғы ойыншысы 30 жасында мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық жартылай қорғаушы Игнасио Камачо 30 жасында мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы оның қазіргі командасы «Вольфсбургтің» баспасөз қызметі ресми хабаралды.

Испаниялық футболшы денсаулығына байланысты мансабын 30 жасында аяқтауға шешім қабылдап отыр. Ол соңғы екі маусымды сол аяғындағы жарақатына байланысты мүлде алаңға шыққан жоқ. Бірнеше рет жаттығуға оралғанымен, жарақаты қайта мазалап, доп тебуге мүмкіндік бермеді.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы «Атлетико Мадрид» клубының түлегі. Туған командасынан бөлек «Малага» және «Вольфсбургта» өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер