Бокс

Абылайхан Жүсіпов: Жарыстардың қашан болатыны нақты белгісіз

Абылайхан Жүсіпов: Жарыстардың қашан болатыны нақты белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Жүсіпов ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиынының қалай өтіп жатқаны жайлы Olympic.kz сайтына айтты.

– Қазіргі таңда оқу-жаттығу жиынындамыз. Бәрі ойдағыдай, тыңғылықты дайындықты бастадық. Өздеріңіз білетіндей, спортшылар жүйелі түрде жаттығу жиыны мен жарыстарда жүретін еді. Биыл пандемияға байланысты әлем спорты үзіліс алды. Жарты жылдан астам уақыт спортшылар жарысқа шығып көрген жоқ. Әрине, осыдан кейін спортшылар өте қиын жағдайда. Шет елдегі жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары керек. Енді бәрі ойдағыдай болады дегенге сенгіміз келеді. Ал алдағы жарыстардың нақты қашан болатыны белгісіз. Күтудеміз.., - дейді Абылайхан Жүсіпов.

Айта кетерлігі, бокстан оқу-жаттығу жиыны 5 қазанға дейін жалғасады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер