Басқа

Елордада көпір астындағы алаңда спортшылардың суреттері пайда болды

Елордада көпір астындағы алаңда спортшылардың суреттері пайда болды
news-banner7
mobile-news-top

Елордадағы көпірдің астындағы алаңда Зарина Диас, Әлжан Жармұхамедов, Джеймс Леброн және басқа да әйгілі спортшылардың граффити-суреттері пайда болды.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда тағы бір арт-кеңістікті безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аумақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы көпірдің астындағы алаң. Ол жерде скейт-аумақ, үстел теннисіне арналған жер мен workout-аумақ орналастырылады.

«Бұл идея спортпен айналысу үшін жайлы жағдай жасау ниетінен туып отыр. Мұндағы мақсат - бұқаралық спортты дамыту. Жастарда бағыт-бағдар, алар үлгі болуы керек. Олар ойнап та, шынығып жүріп те мықтылардан үлгі алуы керек», - деп хабарлайды әкімдіктен.

Граффити-суреттердің таныстырылуына қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

«Бұл кеңістікте азаматтар спортпен айналысады әрі серуендей алады. Қазір нысандардың бәрі жабық болғандықтан спортпен айналысудың маңызы өте зор. Биыл ғана 150 аула абаттандырылды. Осы бастама жастардың спортпен айналысуына мұрындық боларына сенімдіміз», - деді Алтай Көлгінов.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер