Велоспорт

Бушанкский: Биылғы маусымда халықаралық жарыстарға қатыспайтын сияқтымыз

Бушанкский: Биылғы маусымда халықаралық жарыстарға қатыспайтын сияқтымыз
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда тректегі велоспорттан оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Тамыз айының соңында басталған жаттығу жиынына Қазақстан ұлттық құрамасынан 17 велошабандоз қатысады.

Ұлттық құраманың бас бапкері Владимир Бушанский ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиыны туралы өз ойын айтты.

- Қазіргі таңда Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Жаттығу жиынына ересектермен қатар келесі жылы ұлттық құрамаға қосылатын жастарды да шақырдық. Жаттығудың алғашқы аптасы жоспар бойынша бейімделуге арналды. Оған қоса, ПТР-тестін тапсырып, карантин режимінен өттік. Барлық шартты жіті орындағаннан кейін ғана толыққанды жаттығуға жиынына кірістік.

Биыл бізде ұлттық біріншілік өтеді деп жоспарланған болатын. Жауапты жарысқа тыңғылықты дайындықпен қатысқымыз келеді. Оқу-жатттығу жиыны барысында спортшылар бәсекелестікті сезінуі үшін велошабандоздар арасында сынақ жарыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Тиісінше, қазіргі таңда әр спортшының деңгейін білуіміз керек. Ел біріншілігі жоспарланғанымен жақын арада өтпеуі де мүмкін. Бәлкім, қазақн айында өтеді. Алайда, Қазақстан чемпионатына байланысты әлі уақытқа дейін нақты шешім шыққан жоқ.

Шетелдегі жарыстарға келетін болсақ, биылғы маусымда халықаралық жарыстарға қатыспайтын сияқтымыз. Бұл біз үшін өте өкінішті жағдай. Себебі, жаттығу басқа да, жарысқа қатысу басқа. Десе де, қазіргі таңда ешкімге ештеңе оңай соқпайтынын білеміз. Сонда да ештеңеге қарамастан жаттығуды жалғастырамыз. Келесі маусымда өтетін Олимпиада ойындарына дайындаламыз, - дейді бас бапкер Владимир Бушанский.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер