Басқа

Балалар спортын дамытуды тежеп тұрған басты мәселелер аталды

Балалар спортын дамытуды тежеп тұрған басты мәселелер аталды
news-banner7
mobile-news-top

«Мектеп спорты федерациясы» ЗТБ ресми өкілі Әлия Түсіпбекова балалардың денінің саулығына көбірек назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Кейінгі жылдары спортқа көбірек маңыз беріліп келеді. Қазіргі уақытта барлық басымдық кәсіби спорттан балалар спортына ауып бара жатыр. Өкінішке қарай жылдар бойы балалар спорты тәрбиелік және білім беру процестерінің көлеңкесінде қалып келді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бөлінетін дотациялар жастарды жаппай спортқа тарта алмады», - дейді Әли Түсіпбекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша бұрын ауладағы спорт мәселелеріне де дұрыс назар аударылмай келген.

«Бұл тұрғыда Қазақстан көптеген елден артта қалды. Осының салдарынан уайымдатарлық тенденциямен бетпе-бет келіп отырмыз. Белсенді өмір салтын ұстанатын балалар мен жасөспірімдердің саны 30 пайыздан аспай келеді. Әскерге шақырылатын жастардың 40 пайызы денсаулығы бойынша әскери қызметтің талаптарына сай келмейді. Дене шынықтыру сабақтары балалардың денесін шынықтырып, спортқа баулу бойынша қажеттілікке жауап бермейді. Балалардың бір бөлігі көз ауруынан қиналса, екінші бөлігі семіздіктен де қиындық көріп отыр. Балалардың мүгедектігінің артып келе жатқаны алаңдатады. Мұндағы негізгі себептер – туабітті аномалия, жүйке жүйесінің аурулары мен психикалық ауытқушылықтар. Балалардың денесін шынықтыру және сауықтыру бойынша білікті мамандар жетіспейді», - деді спикер.

Ол сөз сөзінде білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша шаралар кешені аз екенін айтады.

«Бірінші кезекте мектеп спортының жүйесі ретке келтірілмеген. Жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, мектеп сайыстарына қатысатын құрам халықаралық стандарттарға сай келе бермейді. Бұрынғыдай жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық сайыстарға көбінесе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары тартылады», - дейді Әлия Түсіпбекова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер