Хоккей

«Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан ұтылып қалды

«Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасындағы матчта «Барыс» өз алаңында Мәскеудің ЦСКА командасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

«Барыс» құрамы келесідей көрінді: Карлссон (Қаратаев) - Маклуков-Орехов, Фраттин-Виделл-Старченко; Сведберг-Метальников, Михайлис-Волк-Шестаков; Шалапов-Клещенко, Шевченко-Гренц-Аколзин; Королев-Комаровский, Асетов-Сагадеев-Петухов.

Алғашқы кезеңде шайбы соғылған жоқ. Екінші жиырмаминуттықта Никита Михайлис қазақстандық команданы есепте алға шығарды. Үшінші кезеңде қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Матч овертаймға дейін созылып, буллит сериясында мәскеулік команда басым түсті.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 1:2 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:1)

Шайбы соққандар:

1:0 — 32:29 Михайлис (Волк, Сведберг)
1:1 — 57:34 Попов Александр А.

Қақпашылар:
Карлссон — Шарыченко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер