Басқа

Кір көтеру спортының Толағайы - Жұмахан Күзбаев!

Кір көтеру спортының Толағайы - Жұмахан Күзбаев!
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының тумасы Жұмахан Күзбаев кір көтеру спортынан әлемнің 6 мәрте чемпионы атанған. Жұмахан Күзбаевтің жасы 62-де. Әйтсе де, кір тастарын бұйым құрлы көрмейді. 85 келі салмақта ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде 2 рет рекордтық көрсеткішке ие болды. Соңғы рет Латвияда өткен дүниежүзілік жарыста 16 келі тартатын екі тасты 10 минутта 107 рет еңсеріп, теңдессіз спортшы атанған еді. Prosports.kz тілшісіне берген сұхпатында тынымсыз жаттығудың арқасында бабынан таймағандығын айтты.

-Сіз 24- 32 келі тартатын кір тасын қолыңызда ұршыққа иіресіз. Бұл спорттың майталманы болдыңыз. Оны әлемдік аренада түрлі деңгейде өткен турнирлерде сан мәрте дәлелдей білдіңіз. Жалпы, бұл спортқа қашлай келдіңіз?

-Спортпен еңбек егіз дейді. Ауылда өстім.Бала күімнен ауылшаруашылық саласында еңбек еттім. Әсіресе, 1991 жылы қиын заман болған сәтте, қап-қап ұн, мөшек-мөшек бидай көтердім. Осыдан болар білек күшім мығым болды. Сондықтан мейрам күндері ауыл-аймақта өткен жарыстарда кір тасын көтеріп, өзімді сынап жүрдім. Сол сайыстарда жеңімпаз атанатынмыз. Мен 50 жасқа толған шағымда сондай сайыстардың бірінде бірінші орын алып, енді бұл спортты қоям деп, ел алдына шығып айтқан едім. Осы сәтте бір ақсақал қасыма келіп, 50 жас ер адам үшін қарттық емес. Кір көтеру спортын тастама, менің жасым 80-ге таясада әлі көтеріп жүрмін бұл тасты, деді.Бұл адам Кір көтеру спортынан ардагерлер арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әмірбай Рысқұлов екен. Сол күннен бастам менің ұстазым болды. Мен ол ағамнан жаттығу тәсілдерін үйрендім. Тәжірибемді арттырдым. 2007 жылдан бастап бірге дайындалдық. Алдымен кір көтеру спортынан Алматы облысының чемпионатына қатыстым. Ол, Талдықорған қаласында өтті. Сол біріншілікте екі 32кг. кір тасын 30 рет көтеріп, бірінші орын алдым. Содан бастап, әлем чемпионаттарына қатыстым. Қазіргі күні төккен тердің нәтижесін көрдім. 6 рет Дүниежүзілік бәсекеде топ жардым. 3 мәрте Гиннесс рекордтар кітабіне ендім. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атандым. Мен әлем біріншілігінен бөлек, Ресей, Беларусь, Латвия, Венгрия елдерінде ұйымдастырылған халықаралық турнирлерде жеңімпаз болдым. Қазақстандағы сайыстарда да қоржыным бос қайтып көрмеді.

Жұмахан Күзбаевпен Әмірбай Рысқұлов әлем чемпионы болып келген сәті

Жұмахан Күзбаевпен Әмірбай Рысқұлов әлем чемпионы болып келген сәті

-Басты қарсыластарыңыз қай елдің спортшылары?

-Менің басты бәсекелестерім ресей елінің зілтеміршілері. Оларда бұл спорт жақсы дамыған. Дегенмен, кір көтеру спорты Олимпиадалық ойын түрлеріне жатпайды. Сондықтан болар Қазақстанда менің қарсыластарым аз.

-Қай жереде туып өстіңіз? Жас күніңізде қандай спортпен әуестенген едіңіз?

-Мен қарапайым отбасында дүниеге келдім. Көп балалы шаңырақтан шықтым. Казіргі Көксу ауданы Бесқайнар ауылы кіндік қаным тамған жер.Бала кезімнен бастап,спортқа бейім болдым.Ол кезде ауылымызда қазіргідей спорттық бөлімдер жоқ. Бірақ құрдастамыммен бокс қолғабын тауып, киіп,жұдырықтасып, күресіп өстім. Мен тұрған елді-мекенде арнайы жаттықтырушысы болмаған сон бұл спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданбадым. Сонымен қатар, жеңіл атлитикамен де әуестендім. Орнымнан тұрып, алдыға, артқа (сальто) айнала алатынмын. Акрабатикалық әдістерді еркін жасайтынмын. Оны ауылда көрген адамдар әлі күнге дейін атып жүр.

-Алғаш рет әлем біріншілігіне қатысқан кезңіз есіңізде ме? Ол жарыс қалай өтті, сіз үшін?

-Мен қатысқан алғашқы әлем біріншілігі 2013 жылдың қыркүйегінде Венгрияның Щипок деген қаласында өтті. Әлі күнге дейін ұмытпаймын. Өйткені, мен үшін сәтті болды. Сол чемпионатта әлем чемпионы атандым. Ол жерде 24кг. тартатын кір тасын 1 минутта 50 рет көтергенмін.

-Осы уақытқа дейін медальдан тау тұрғызған шығарсыз?

-Шамамен 60 медальім бар. Олардың ішінде 1 күміс, 1 қола жүлде, қалғанының барлығы алтын. Биыл қоржынымды тағы 10-нан аса медальға көбейту жоспарымда бар еді. Алайда, Коронаінтеттің кесірінен бұл мақсаттарым орындалмай қалды. Дегенмен болашаққа үмітпен қарап отырмын.

-Елдің елдігі таразыға түсіп, ердің ерлігі сыналар шақта барыңызды салып, ел намысын аброймен қорғадыңыз. Жарыс барысында дене дайындығынан бөлек, психологиялық дайындығыңызда мығым екенін білеміз. Үнемі салқынқанды боласыз. Бұл арнайы жаттығудың арқасы ма?

-Ия. Жарыс кезінде ештеңеге алаңдамауға тырысам. Тек бірғана мақсат болады менде. Ол,білгенімнен жаңылмай, сауатты өнер көрсетіп, чемпион болып, Қазақтың көк байрағын көкте желбірету. Сонымен қатар, өзім табиғатыман сабырлымын. Олда жеңісіме себепкер болды. 2016 жылы 8 мамырда Ресейдің Киров қаласында өткен әлем бәріншілігінде 24кг. кір тасын 1 сағат ішінде 1300 рет көтеріп, алтын кір тасын алдым. Жарыстан соң үсті-басым қара терден малмандай су болыпты. Киім ауыстыратын бөлмеге барып, спорттық киімдерімді сыққан сәтте 1 литрдей су шықты - ау дим.

-Қазіргі бабыңыз қандай?

-Соңғы рет 2018 жылы өткен Латвиядағы әлем біріншілігіне қатыстым. Ол дода да мен екі 16 кг. кір тасын ұзартылған әдіс бойынша 10 минутта 107 рет көтеріп, рекорд орнатқан едім. Қазір де сол нәтижемді қайталай аламын.

-Жалпы, алдыңызға қандай мақсат-міндеттер қойып отырсыз?

-Биыл күзде Оңтүстік Кореяда әлем чемпионаты болу керек еді. Әзірге өтетін уақыты белгіленбеді. Сол жарысты күтіп отырмын. Өтіп жатса, қатысуды жоспарлап отырмын.

-Карантинде жаттықтыңыз ба? Жоқ, демалдыңыз ба?

-Мен 4 айға созылған карантин кезінде үйде бос жатқаным жоқ. Үнемі жаттықтым. Кір көтеру спортының жұлқа және серпе көтеру әдістері мен ұзартылған түрі бойынша шеберлігімді шыңдадым. Менде 8 кг. бастап, 32 кг. болатын 20-ға жуық кір тастары бар. Соларды 2-3 сағат көтеріп дайындаламын. Арасында 3-5 шақырымға жүгірем. Ол тыныс жолдарының ашылып, өкпенің жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар кермеге тартылам.

-Сіздің шәкіттеріңіз бар ма? Мүмкін мектептерге барып бұл спортты балаларға көрсетіп, кір көтеру спотын насихаттадыңыз ба?

-Әрине. Ұстаздан шәкірт озса, қандай керемет. Ізбасарларымды дайындау менің ойымда бар. Биыл осы істі қолға алайын деп едім, карантин қол байлау болды. Коронаіндет кетіп, еліміз қалыпты дамуына қайта түскенде ойымды жүзеге асырмақпын. Ол үшін кір көтеру спортына қызыққан өрендерді жаныма жинаймын. Білгенімді үйретіп, дайындайтын болам. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында болатын облыстық біріншіліктерге арнайы барып, жас спортшыларды да таңдап алмақпын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер