Әлем футболы

Роббен карьерасын қайта бастағаннан кейінгі алғашқы ресми матчында жарақат алды

Роббен карьерасын қайта бастағаннан кейінгі алғашқы ресми матчында жарақат алды
news-banner7
mobile-news-top

«Гронинген» жартылай қорғаушысы Арьен Роббен Нидерланд чемпионатының 1-турындағы ПСВ-ға қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

36 жастағы хавбек 30-минутта жарақаттанып, ауысым сұрады. Оның орнына 18 жастағы словакиялық шабуылшысы Томаш Суслов шықты.

Роббен 2019 жылы карьерасын аяқтайтынын хабарлаған, бірақ бір жылдан соң футболға оралып, «Гронингенмен» 2021 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасқан еді.

Футболшы осы клубтың түлегі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер