Әлем футболы

Қазақстан тумасы бельгиялық клубта дебютін өткізіп, дубль жасады

Қазақстан тумасы бельгиялық клубта дебютін өткізіп, дубль жасады
news-banner7
mobile-news-top

Бельгияның үшінші дивизионында ойнайтын «Патро Эйсден Масмехелен» клубы ел кубогының үшінші кезеңінде «Стоке-Варфюзе» командасын 3:0 есебімен жеңді. «Патро Эйсден Масмехелен» сапында Алматы тумасы Олег Чепрасов ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Бұл матч Чепрасов үшін клуб сапындағы дебют болатын. Шабуылшы негізгі құрамда шығып, 10 және 45-минутта гол соқты. Артынша оның командаласы Руна Ленертс 82-минутта матч нүктесін қойды.и

23 жастағы Олег Чепрасов Алматыда туған, бірақ бала кезінде отбасымен Бельгияға қоныс аударған. Бұған дейін бельгиялық «Гел», «Веллен» және «Хаутвенн» сапында ойнаған.

Футболшы Қазақстан жастар құрамасында ойнаған болатын. 2018 жылы жастар құрамасы сапында үш жолдастық матчқа қатысқан. Бірақ танымал Transfermarkt порталында оның азаматтығы Бельгия деп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер