русский язык

Қазақстандық футболшының командасы Германия кубогындағы жорығын сәтті бастады

Қазақстандық футболшының командасы Германия кубогындағы жорығын сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қорғаушы Константин Энгель намысын қорғайтын «Оснабрюк» командасы Германия кубогының 1/32 финалында «Тодесфельдені» ұтты.

Себастьян Клаас 77-минутта соққан голдың арқасында «Оснабрюк» келесі кезеңге жолдама алды. Энгель қосалқы құрамда қалды.

Энгельдің командасы келесі матчта Екінші бундеслиганың бірінші туры аясында «Гройтер Фюрт» командасымен кездеседі.

Еске салайық, Энгель 2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы жейдесінде 11 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;