Теннис

Қазақстандық теннисші Бухарестегі турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Бухарестегі турнирдің чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Тимофей Скатов Бухарестегі ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 523-орында тұрған қазақстандық теннисші барлығы бес кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде Т.Скатов екінші айналымда жарыстың бірінші, әлемнің 284-ракеткасы, франциялық Мануэль Гинарды 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бүгін финалда қазақстандық теннисші рейтингте 785-сатыда тұрған италиялық Франко Агаменонені 6:4, 6:4 есебімен ұтып, бас жүлдеге ие болды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер