Әлем футболы

Бэйлдың бағасы белгілі болды

Бэйлдың бағасы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» уэльстік шабуылшысы Гарет Бэйлді 20 миллион еуроға сатуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Mundo Deportivo мәлім етті.

Басылымның хабарлауынша, корольдік клуб трансфер уақыты жабылғанға дейін ойыншыдан құтылуды көздейді, өйткені команданың бас бапкері Зинедин Зидан оған сенім артып отырған жоқ.

31 жастағы Бэйл «Реал Мадрид» сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Ол барлық турнирде 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пас берген. Оның корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер