Әлем футболы

Мадридтік «Реал» Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізбек

Мадридтік «Реал» Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізбек
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» ,басшылығы команданың жартылай қорғаушысы Эден Азармен психологиялық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Азар жарақат алып қалудан қорқатын көрінеді. Бас бапкер Зинедин Зидан мен оның көмекшілері футболшыны қорқудан арылту үшін жұмыс істемек. Өткен маусымда Азар Ла Лигада 16 матч өткізіп, бір гол соқты және алты нәтижелі пас берді. Эден бірнеше рет жарақат алып, Мадридтіктердің үмітін толықтай ақтай алмады, сондықтан клуб ойыншының психологиясымен байыпты жұмыс істеуге ниетті.

Еске сала кетелік, Мадридтің «Реалы» өткен маусымда Испания чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер