Футбол

Қос қазақстандық ойыншының командасы кездесті

Қос қазақстандық ойыншының командасы кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Ресей чемпионатының 7-туры аясында «Сочи» сырт алаңда «Ахматпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды «Сочидің» жартылай қорғаушысы Кристиан Нобоа соқты.

Осы ойыннан кейін «Сочи» 15 ұпай жинап, РПЛ турнирлік кестесінде бірінші қатарға көтерілді.

«Ахмат» сапында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров толық матч өткізді. Ал «Сочида» доп тебетін Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Акмаль Бахтияров жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер