Әлем футболы

Нұрзат Сабыров канадалық промоутермен келісімшартты үзді

news-banner7
mobile-news-top

Рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (11-0, 9КО) Канаданың «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясымен келісімшартын үзді. ⠀

«Le Journal de Quebec»-ке промоутерлік компанияның вице-президенті Камил Эстефан мәлім еткендей, Н.Сабыров ресейлік боксшылар Артур Зиятдинов пен Андраник Григорянмен бірге промоушнмен келісімшарттан босатылды. Шарттың бұзылу себебі нақтыланған жоқ.

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы профидегі алғашқы айқасын 2017 жылы бастады және барлық жекпе-жегін Канадада өткізді. Ол соңғы рет рингке биылғы 21 ақпанда шықты. Римуске қаласында өткен кездесуде Н.Сабыров төрешілердің бірауызды шешімімен мексикалық Рикардо Луна Флоресті (22-8-1, 14КО) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер