Футбол

Қуат ресейлік клубтың ең қымбат ойыншысы атанды

Қуат ресейлік клубтың ең қымбат ойыншысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат ресейлік «Химки» клубында өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Transfermarkt.de сайтының хабарлауынша, Қуат ресейлік клуб сапындағы трансферлік құны ең жоғары ойыншы атанып отыр. Оның трансфер нарығындағы бағасы 1,5 миллион еуро.

Ал бұған дейін «Химки» сапындағы ең қымбат ойыншы жартылай қорғаушы Александр Ломовицкий (1,4 миллион еуро) болатын.

Айта кетейік, Қуат осының алдында тағы бір ресейлік клуб «Оренбургта» өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер