Дзюдо

Дзюдодан Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін

Дзюдодан Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін.

Азия дзюдо одағының мәліметі бойынша, құрлықтық біріншілік Моңғолия астанасы Ұланбаатор қаласына жоспарланған.

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесі бойынша аталған біріншілік 2020 жылдың 18-20 сәуір күндеріне жоспарланған еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге шегерілген болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер