Әлем футболы

Суарес Испанияда қалуы мүмкін

Суарес Испанияда қалуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» шабуылшысы Луис Суарес Испанияда қалуы мүмкін. Бұл туралы Deportes Cuatro басылымы мәлімдеді.

Бұған дейін «Ювентуспен» келіссөз жүргізген шабуылшы қазір «Атлетиконың» ұсынысын қарастырып жатыр. Футболшының өзі Испанияда қалып, әлі екі маусымды жоғары деңгейде өткізкісі келеді.

Оған қоса Суаресті командада Диего Симеоненің өзі көргісі келеді. Жаттықтырушыға уругвайлық шабуылшының ойын мәнері ұнайды.

Өткен маусымда Луис Суарес Ла Лигада 28 матч өткізіп, 26 гол мен 8 нәтижелі пастың авторы атанған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер