Басқа

Томас Бах спортшыларды індет кезінде жауапкершілікті ұмытпауға шақырды

Томас Бах спортшыларды індет кезінде жауапкершілікті ұмытпауға шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах спортшыларды коронавирус індеті кезінде жауапкершілікті сақтауға шақырды.

«Қолданылатын шаралар спортшылар үшін де әділетті болуы тиіс. Осы орайда, біз әріптестеріміздің, қарсыластарымыздың және өзге де адамдардың денсаулығы үшін жауаптымыз. Мұның бәрі біздің әрқайсымыздан жауапкершілік талап етеді. Егер жарысқа қатысушылардың денсаулығы үшін карантинде отыру керек болса, карантинде отыруға міндеттісіз. Бұл – жауапкершілік», - деді Бах телеконференция барысында.

ХОК пен Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті биылғы наурыз айында Олимпиада ойындарының 2021 жылға ауыстырылғанын мәлімдеген болатын. Олимпиада келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер