Әлем футболы

ЦСКА үш футболшыны қатарына қосу үшін агентке миллиондап ақша төлеген

ЦСКА үш футболшыны қатарына қосу үшін агентке миллиондап ақша төлеген
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бактиер Зайнутдинов «Ростов» сапынан мәскеулік ЦСКА-ға ауысқаны үшін агенттер қанша табыс тапқаны белгілі болды.

«РБ-Бизнес» мәліметінше, ЦСКА биыл жазда сапына үш футболшыны қосу үшін агенттерге 4 миллион еуро ақша төлеген. Мәскеулік команда сапына Чидер Эджуке, Адольф Гайч, Бруно Фукса және Бахтиер Зайнутдиновті қосты.

Бұған дейін Transfermarkt басылымы ЦСКА Бахтиер Зайнутдинов үшін «Ростовқа» 2 миллион еуро төлегенін жазған еді.

Айта кетейік, тараз футболының түлегі 2019 жылдың қаңтар айынан бері «Ростов» сапында ойнады. РПЛ-да 17 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. ЦСКА-мен Зайнутдинов 2024/2025 маусымға дейінгі күші бар келісімшарт жасасты.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер