Басқа

Академиялық есуден лицензиялық турнир сәуір айында өтеді

Академиялық есуден лицензиялық турнир сәуір айында өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Академиялық есуден Қазақстан командасының бас бапкері Владимир Белоногов команданың карантиннен кейінгі жоспарын айтты.

- Көптеген құрама командалар жаттығу жиындарына кірісіп жатыр. Карантин кезінде біз де үй жағдайында жаттығу жасадық. Бірақ біздің спортқа бұл қолайсыздау. Сондықтан, мемлекеттер арасындағы шекараның ашылуын күтіп отырмыз. Егер шекара ашылса, Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар.

Академиялық есуден жыл соңына дейін қандай да бір жарыс болмайды. Ал келесі жылы өтетін турнирлер тізбегі толығымен дайын. 18 сәуір күні Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады. Сол бәсекеге дейін спортшылар бабына еніп үлгеруі қажет. Егер оқу-жаттығу жиыны басталса, лицензиялық бәсекеге дайындаламыз, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер