Месси командасының кешкі жаттығуына тағы да келмей қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси команданың кешкі жаттығуына тағы да қатысқан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport.es сайтының хабарлауынша, Серхио Бускетс, Френки де Йонг, Филиппе Коутиньо және Ансу Фатилар да келмеген.
Себебі, бұл ойыншылар маусымға дайындықты кеш бастады, сол себепті әзірге күніне бір ғана жаттығуға қатысады.
Еске сала кетелік, Месси биыл клубтан кеткісі келген, бірақ «Барселонамен» соттаспау үшін қалуға ұйғарды.