Әлем футболы

Мадридтік «Реал» Гарет Бэйлден түбегейлі құтылмақ

Мадридтік «Реал» Гарет Бэйлден түбегейлі құтылмақ
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» уэльстік шабуылшы Гарет Бэйлден біржола құтылуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік Soccer News порталына сілтеме жасап.

Deportes Cuatro басылымның мәліметінше, футболшының Уэльс құрамасынан жарақатпен оралғаны және осыдан кейін тіпті команданың бас бапкері Зинедин Зиданмен сөйлеспегені, бірақ бірден жаттығу залына барғаны корольдік клуб басшылығының ашуын келтірген. Осыған байланысты клуб кез-келген уақытта футболшымен қоштасуға ниетті.

31 жастағы Бэйл «Реал Мадрид» сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, барлық жарыста 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пас берген. Оның корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер