Басқа

Нариман Курбанов: Спортшылар жарыс алаңына қайта оралады деген сенімдемін

Нариман Курбанов: Спортшылар жарыс алаңына қайта оралады деген сенімдемін
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиындарына кірісіп кетті. Команда мүшесі Нариман Курбанов ұзақ үзілістен кейінгі дайындық кезеңі қалай өтіп жатқанын айтты.

– Жаттығу жиынының орны бір төбе. Әлемдегі індетке байланысты ауыр жағдайды бір сәт ұмыттырады. Көптен бері бір-бірімізді көрмеген біз мәре-сәре болып жатырмыз. Қазіргі таңда біздің дайындалуымызға бар жағдай жасалған. Жатын орнымыз да, тамағымыз да жақсы. Ал әрбір жаттығуды біз алдағы жарысты ойлаумен бастаймыз.

Әзірге, ұзақ үзілістен кейінгі халықаралық жарыстардың қашан өтетіні белгісіз. Бірақ біз әрдайым бабымызда болуымыз керек. Өйткені, біз әлемдік додаларға қатысып, еліміздің көк туын көтеріп, жанкүйерді қуанту үшін жаттығу жасаймыз. Венгриядағы кубоктік дода мерзімінде өтіп, спортшылар көптен күткен жарыс алаңына оралады деген үміттемін, - дейді Нариман.

Айта кетелік, спорттық гимнастикадан оқу-жаттығу жиыны 27 тамызда басталды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер