Басқа

Жасталап Санауов: Ұзақ үзіліс команданың физикалық дайындығына кері әсерін тигізді

Жасталап Санауов: Ұзақ үзіліс команданың физикалық дайындығына кері әсерін тигізді
news-banner7
mobile-news-top

1 қазан күні каратэден Қазақстан командасы ҰОК олимпиадалық базасында оқу-жаттығу жиындарына кіріседі.

Жаттығу жиынына ұлттық құрама сапындағы олимпиада жолдамасынан үмітті спортшылар қатысады. Көптеген лицензиялық турнирлердің келесі жылға ауыстырылғанын ескерсек, аталған спортшылар олимпиадалық рейтингтегі жағдайын жақсарту үшін тырысатыны анық.

– Біз үшін олимпиада қарсаңындағы жаңа маусым басталды деуге негіз бар. Басты мақсатымыз – келесі жылдың сәуірінде Мароккода өтетін рейтингілік турнирде сәтті өнер көрсету. Маусым айында Францияда өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирі де өте маңызды бәсекелер қатарында. Бұл жиында спортшылардың физикалық тұрғыдан қалпына келуіне күш саламыз. Карантин кезінде спортшылар өз аймақтарында жаттығып, біз жіті қадағалағанымызбен, мұндай ұзақ үзіліс команда мүшелерінің дайындығына бәрібір кері әсерін тигізеді. Сондықтан, оқу-жаттығу жиынында бұл олқылықтың орнын толтырамыз,- дейді бас бапкер Жасталап Санауов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер