Соңғы минуттағы жеңіс. Израиль - Қазақстан матчына бейнешолу
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз2021 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан сырт алаңда Израильмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бес күн бұрын өз алаңында Черногрия құрамасынан 0:4 есебімен ұтылған қалған жастарамыз, бұл жолы Израильден 2:1 есебімен басым түсті. Бірінші тайм аяқталар тұста Эльхан Астанов есеп ашты. Алаң қожайындары 91-минутта қарымта шабуылда таразы басын теңестірген. Дегенмен, Алмас Құлшынбаев шәкірттері қайсар мінез көрсетіп, 94-минутта жеңісті жұлып алды. Оралхан Өміртаев айып алаңға кіре берер тұста алыс бұрыша айналдыра соққы бағыттап, доп торда топ еткізді. Қорытынды есеп - 1:2.
Қазақстан осы жеңісінен кейін 10 ұпай жинап, топта екінші орынға көтерлді.