Әлем футболы

«Реал» ойыншысы «Эвертонға» ауысты

«Реал» ойыншысы «Эвертонға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Эвертон» сапында жалғасырады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы англиялық клуб ресми хабарлады.

«Эвертон» колумбиялық футболшы үшін 25 млн еуро жұмсады. Хамес енді «Эвертон» сапында үш жыл доп тебеді.

Бұл трансферде «Эвертон» клубының бас бапкері Карло Анчелотти үлкен рөл атқарды. Италиялық маман бұған дейін Хамеспен екі рет бірге жұмыс істеген - «Реалда» және «Баварияда».

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 14 матчқа ғана қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер