Басқа

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын қазанда бастайды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын қазанда бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Семсерлесуден Қазақстан ұлттық командасы жаттығу жиындарын қазан айының аяқ тұсына жоспарлап отыр. Бұл туралы команда бас бапкері Алексей Писцов мәлімдеді.

- Дәл қазіргі сәтте команда мүшелері өз аймақтарында дайындалып жатыр. Ұлттық құраманың жаттығу жиыны қазан айының соңына жоспарланған. Ал халықаралық жарыстарға қатысу-қатыспауымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Жыл соңына дейін ересектер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан чемпионатын өткізу ойда бар. Бірақ мұның бәрі алдағы уақытта анықталады. Қуанышқа қарай, спортшыларымыздың дені сау, барлығы карантин кезінде тыным тапқан жоқ. Дайындықты ешбірі де үзген емес. Осы тұрғыда спортшылардың барлығына ризамыз, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер