Бокс

4 айдан соң спорт залдағы алғашқы жаттығу

4 айдан соң спорт залдағы алғашқы жаттығу
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Алматы облысының ерлер құрамасы Қазақстан біріншілігіне дайындалып жатыр. Карантин шараларының жұмысаруына орай спорт залдағы жаттығуға кіріскен. Жерлестеріміз қараша айында Республикалық турнирде командалық есепте жүлдегер атануды көздейді, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Нұрым Дүйсенбеков 7 жылдан бері бокспен айналысады. Түрлі деңгейде өткен жарыстардың жеңімпазы. Жасы 18-де. Биыл жастардан ерлер тобына ауысты. Наурыз айында өткен Алматы облысының чемпионатында 3 кездесу өткізіп, барлық қарсыласын айқын жеңді. Өңір құрамасына алынды. Ендігі мақсат - Қазақстан біріншілігінде топ жару. Жас былғары қолғап шебері елішілік жарыста 57 келі салмақта бақ сынайды.

Нұрым Дүйсенбеков

Нұрым Дүйсенбеков

НҰРЫМ ДҮЙСЕНБЕКОВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Мен биыл 57 кг. салмағында ҚР чемпионатында бағымды сынағалы отырмын. Қазақстан бойынша бұл салмақтағы басты қарсыластарымды танимын. Олармен жолығып, жұдырықтасқанмын. Күшті және әлсіз жерлерін зерттеп, сол бойынша жаттығып жатырмын. Мен өзім бірінші нөмірмен бокстескенді ұнатам.Шаршы алаңның ортасын қарсыласыма бермеуге тырысамын. Көп шабуылдаймын. Қарсыласымды уақытынан бұрын жеңуді көздеймін. Ол үшін физикалык дайындығымды ғана емес, ақыл - айлаға сүйеніп, тез әрі дұрыс шешім қабылау үшін ойлау қабілітмді дамытудамын».

Алматы облысы құрама командасы бұған дейін 4 ай бойы Карантинге байланысты далада, үйде жеке-жеке оқшауланып жаттықты. Дайындықтарын бапкрлері онлайн жүйесі бойынша қадағалып отырды. Енді індеттің сейіліп, қауіпсіздіқ шараларының жұмсаруына орай спорт залда шеберлігін шыңдауға кіріскен. Күніне 2 уақыттан біліктілігін арттырып жатыр. Карантин ережесін сақтай отырып, жабық кешенде 3-4 боксшыдан кезегімен дайындалады. Былғары қолғап шеберлерінің көңіл күйі жақсы, жарысқа дейін, бабына келеді, дейді бапкерлер.

СЕРІКБАЙ ТҰРЛЫБЕКОВ, БОКСТАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Жаз бойы боксшылар дайындалып, жұмыс жасады, жатқан жоқ. Қазір Олимпиадалық резервтегі мамандандырлыған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжінің спорт залында жаттығып жаптырмыз. Мұнда бокстышларға барлық жағдай жасалған. Құрал-жабдықтардың барлығы бар, әрі су жаңа. Бізге тек, үздік нәтиже көрсету қалды. 69кг. Алтынбаев Мәди деген баламыз бар. Спорт шеберлін орындаған. Абзалбек Амангелді деген баламыз бар. Олда спорт шебері.Содан кейін мына Нұрымдегн жас боксшымыз. Біз далада жүріп, мөшекті ұрып жаттықпадық. Сондықтан дайындықтың көп бөлігі мөшек соғу мен жұптасып жаттығумен кетеді».

Серікбай Тұрлыбеков

Серікбай Тұрлыбеков

Спортшылар физикалық дайындықты ғана емес, техникалық шеберлікті де жетілдіруді алдыңғы қатарқа қояды. Рингте қаша жүріп ұрыс салуда жемісін беретін тактика екендігін барлығы жақсы түсінген. Бапкерлер талабына таланты сай шәкіртерінің шыңдалуына барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысқан

АҚПАР БИСАЕВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Қазір жаттығу жақсы жүріп жатыр. Әзірге спаринг болған жоқ. Алдымен жалпы дене жаттығуын жүргізіп, психологиялық дайындықтан өтеміз. Содан кейін барып, рингте жаттығу жекпе-жектеріне шығамыз».

Қазір боксшылар арнайы дайындықтан өтіп жатыр.Ел біріншілігінің ұйымдастырылар жері әзірге белгіленген жоқ. Ол болашақта анық болып қалады, дейді бапкерлер. Сол жарыста үздік шықандар келер жылы болатын әлем біріншілігінеде ел намысын қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер