Велоспорт

Винокуров «Тур де Франста» топ жаратын спортшылар үшін нағыз сынақтың басталғанын айтты

Винокуров «Тур де Франста» топ жаратын спортшылар үшін нағыз сынақтың басталғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Тур де Франс» көпкүндігінің сегізінші кезеңінде «Астана» капитаны Мигель Анхель Лопес жақсы өнер көрсетті. Ол жалпы есепте көш бастаған спортшылармен бірге мәреге 11-болып келді.

Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуровтың айтуынша, бұл кезең жалпы есепте жоғары орынға таласатын спортшылар үшін алғашқы сынақ. Бұл туралы Винокуров Eurosport тікелей эфирінде мәлімдеді.

«Лопес өзінің жалғыз еместігін, командаластарының көмектесіп жатқанын көріп жүр. Таулы кезең жалпы есепте жүлдеге таласатындар үшін алғашқы сынақ. Көп нәрсе осында шешіледі. Ал жігіттер Лопеске көмектесті. Ол «Тур де Франсқа» алғаш рет қатысып отырса да, өзіне өте сенімді. Біз барынша демеу көрсееміз. Құлап қалғаннан кейін массажшы мен остеопат бақылауда ұстады. Қазір өзін жақсы сезінуде. Біз оның оң жамбасына келетін сәтті табамыз. Бірақ Пиренейде емес», - дейді Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер