Басқа

Гимнасшыларымыз Мажарстандағы әлем кубогына дайындалып жатыр

Гимнасшыларымыз Мажарстандағы әлем кубогына дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы тамыздың соңында жаттығу жиынын бастады. Жиынға 12 спортшы, 5 бапкер және дәрігер мен массажшы қатысып жатыр деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда бас бапкері Алексей Кимнің айтуынша, құрама мүшелеріне бірнеше талап қойылған. Атап айтар болсақ, гимнастар карантиннен кейін снарядтарда элементтерді орындау техниксын және еркін жаттығуды жетілдіріп жатыр. Сондай-ақ, Милад Карими, Ілияс Азизов және Нариман Курбанов Венгриядағы әлем кубогы кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл спортшылар карантин кезінде үйде жаттығуды үзбегендіктен, оқу-жаттығу жиынына жақсы баппен келген.

Оқу-жаттығу жиынында барлық талап сақталған. Команда мүшелері жиын басталар алдында ПТР-тесттен өтті. Жиын соңында екі бақылау өткізу жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер