Әлем футболы

Месси: Бартомеу - нашар адам

Месси: Бартомеу - нашар адам
news-banner7
mobile-news-top

Лионель Месси «Барселонада» тағы бір маусым ойнауға келісім берді, бірақ клуб президенті Хосеп Бартомеумен қарым-қатынасының нашар екенін жасырмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншының сөзіне қарағанда, Бартомеу бұған дейін клубтың трансферге араласпайтынына уәде беріп, артынша 700 миллион төлеуді талап еткен.

«Мен командадан кеткім келеді. Бірақ «Барселона» басшылығы мен Хосеп Бартомеудің кесірінен мүмкін болмай тұр.

«Мен оларға кеткім келетінін ұзақ уақыт бойы айттым. Өткен маусымның соңынан бастап, 12 айдың ішінде мен командадан кеткім келетінін жиі айтып отырдым. Бірақ қазір мен соттасқым келмегендіктен қалып отырмын», - деді Месси.

Егер клубқа қатысты жағдай жақсармаса, онда Месси бір жылдан кейін еркін агент ретінде кетеді. Алайда клубтың жаңа президентін сайлау 2021 жылға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер