US OPEN-2020: Путинцева жеңісті жолын жалғастыруда
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстан құрамасының өкілі үшінші айналымда белорустық Александра Сосновичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.
US OPEN-2020 додасының төртінші кезеңінде Путинцеваның қарсыласы Хорватия өкілі Петра Мратич болады. Төртінші айналым 6 қыркүйек күні өтеді.