Әлем футболы

«Рома» қақпашысы коронавирустан емделіп шықты

«Рома» қақпашысы коронавирустан емделіп шықты
news-banner7
mobile-news-top

«Рома» қақпашысы Антонио Миранте әлемді жаулаған аурудан сауықты.

Football Italia хабарлауынша, 37 жастағы қақпашының ауруы асимптоматикалық болған. Ойыншы тағы бір сынақтан өтті, бұл жолы теріс нәтиже көрсетті. Миранте команда жаттығуына оралды.

Қақпашы «Рома» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді.

Айта кетейік, Мирантеден бөлек «Рома» сапынан коронавирус Карлес Перес, Джастин Клюйверт және Бруно Перестен анықталған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер