Басқа

Шахматтан Дәрмен Сәдуақасов кубогының қорытындысы шығарылды

Шахматтан Дәрмен Сәдуақасов кубогының қорытындысы шығарылды
news-banner7
mobile-news-top

900-ден астам қазақстандық жас шахматшы «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогы» онлайн шахмат турниріне қатысты.

Республикалық жарысты «Бәйтерек» холдингі, Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырды.

Турнир жас ерекшеліктеріне қарай үш санат бойынша, яғни 10, 14 және 18 жасқа дейінгілер арасында өткізілді. Ең кіші топта жалпы есепте Эдгар Мамедов жеңімпаз атанды, одан кейін жүлдегерлер қатарына Әлихан Хажатұлы мен Марк Смирнов кірді. Қыздар арасында жүлдегерлер үштігін Мәлік Жаппарбекова, Әсия Асылхан және Елназ Қалиахмет құрады.

14 жасқа дейінгілер арасында жалпы есепте Сәтбек Ахмединов жеңіске жетті, ол Ораш Шоназаров пен Нұрдәулет Таңатовты жеңді. Қыздар жүлделерді мына тәртіпте бөлісті: Әмина Қайырбекова, Алуа Нұрманова және Анастасия Перейма.

Сонымен, турнирде 18 жасқа дейінгі қазақстандық жасөспірімдер арасында жалпы есепте Қазыбек Нөгербек, Тамерлан Бектұров және Абылай Ахметжан көш бастады. Қыздар арасында Ксения Балабаева, Әсел Серікбай және Назерке Нұрғали үздік танылды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер