Дзюдо

Айдын Смағұлов: Карантинде қарап отырған жоқпыз

Айдын Смағұлов: Карантинде қарап отырған жоқпыз
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов ҰОК сайтына берген сұхбатында команданың оқу-жаттығу жиыны қашан басталатынын айтып, спортшылардың карантиндегі дайындығына тоқталды деп жазады Prosports.kz.

- Карантин кезінде спортшыларымыз қарап отырған жоқ. Әлемдік турнирлерге қатысып жүрген дзюдошылардың барлығы өз аймағында жеке бапкерлерімен жаттығу жасады. Үйлеріне, үйдің ауласына татами мен жаттығу құралдарын кіргізіп алып, тынымсыз еңбектенді. Әрине, мұның бәрі оқу-жаттығу жиындарына жетпейді. Дегенмен, мұндай кезеңде бізге спортшылардың бабын жоғалтпауы өте маңызды. Оқу-жаттығу жиынын 20 қыркүйекке жоспарлаудамыз. Алматы облысында екі жиын өткізсек деген ойдамыз. Халықаралық федерация күз айларында Венгрия мен Жапонияда әлемдік турнирлердің өтетінін айтқан. Алайда, бұл ақпарат та әлі сөз жүзінде. Егер күз айларында мемлекеттер шекарасы жабылатын болса, турнир өтпеуі мүмкін. Спортта ұзақ уақыт жаттықпағанның өзіндік қиындығы бар. Бұрынға қалыпқа келу оңайға соқпайды. Тек спортта ғана емес, еліміздегі басқа жүйелерден де мұны байқауға болады. Бірақ біз тек алға басамыз. Тезірек жақсы бабымызға енеміз деген сенімдемін, - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер