Жеңіл атлетика

Нұр-Сұлтанда жүгіру мен веложарыс өтті

Нұр-Сұлтанда жүгіру мен веложарыс өтті
news-banner7
mobile-news-top

Елордада жүгіру мен веложүгіруден онлайн жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді. 28-30 тамыз арлығында өткен бәсеке ҚР Конституция күніне орай ұйымдастырылды. Аталған додаға 200-ден аса елорда тұрғыны қатысқан. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез-келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатысып, «Strava» қосымшасы арқылы нәтижелері туралы айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер