Басқа

«Шеберден сабақ»

«Шеберден сабақ»
news-banner7
mobile-news-top

Армрестлингтен ардагерлер арасында Азияның 9 дүрін чемпионы Әбдуәли Тастанов ауыл-аймақтарға шығып, шеберлік сабағын өткізе бастады. Спортшы Алматы облысының Кербұлақ ауанына барып, жергілікті дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен оқушыларға қолкүрестің қыр-сырын үйретті, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбдуәли Тастанов Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылына арнайы барды. Оның бұл аймаққа ат басын бұрғаны тегін емес. Өйткені, мұнда күш қарымы мығым спортқа қабілетті қыз-жігіттер көп. Тек оларға бағыт-бағдар сілтер маман мен дұрыс жаттығу болса, арасынан әлем чемпиондары шығары сөзсіз, дейді білікті қол күрес майталманы.

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Мен сияқты Азияны бағындырып, әлемді бағындырып,әлем кубогін, халықаралық турнирларді ұтатын шеберлер шықпайды, деп айта алмаймын. Бұл жерден шығады. Тек қана қолдау керек осындай балаларды. Білгеніңді көрсету керек, үйрету керек. Сонда бұл балалар біздің Ата-бабамыз тапсырып кеткен жерді қорғай алатындай, мықты болып өседі».

Кербұлақ ауданынан әлемге есімі таныс күрес майтамандары шықты. Мәселен, самбо күресінен дүниежүзінің бірнеше мәрте чемпионы Берік Жетпісбаев пен Азамат Мұқановтар туып өсті. Сонымен қатар, Азия ойындарының жеңімпазы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ділдәш Құрышбаева, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы Дәурен Жұмағазиевтің кіндік қаны тамған аймақ. Енді қолкүрестен ел мақтанышына айналар үздіктер шығарына Әбдуәли Тастанов шүбә келтірмейді.

Әбдуәли Тастанов

Әбдуәли Тастанов

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Бұл жерде қазақи ауылдар көп. Спортқа жақын жастарда арасында бар. Оларды армретлингке баулып, әлем чемпионын шығарсам менің арманым орындалады. Ол сәткеде жетерміз».

Әбдуәли Тастанов жергілікті дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне білекті күшейтудің тәсілдерін үйретті. Техникасын көрсетіп, дайындықты қалай жүргізу керектігіне тоқталды. Оған қандай құрал-жабдықтарды пайдалану қажеттігін айтып берді. Бұл шеберлік сабағына оқушыларда қатысты. Кербұлақ ауданының басшылағы армрестлинг спортын кеңінен дамытуды көздеп отыр. Жақын күндері үйірмелерде ашылатындығын жеткізді.

ТАЛҒАТ СЫЗДЫҚОВ, КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

«Біз осы аудан орталығынның Сарыөзек ауылындағы мектептерден 4 қолкүрес үйірмесін ашсақ, деп жоспарап отырмыз. Армретлинг үстелін орнаттық.Оқу жылы басталып онымен бірге армрестлинг спортының үйірмелері де жұмыс істейтін болады. Жаттықтырушылар бағдарламамен танысып, дайындық кестесін алды. Келешекте Әбдуәли ағамызды тағы шақыртып, үлкен семинар ұйымдастырсақ деген ниеттеміз».

Әбдуәли Тастанов мұнда құр қол келген жоқ. Ол өзімен бірге әкелген қолкүрес тақтасын жергілікті жастарға сыйға тартты. Жыл аяғына дейін Панфилов, Кеген, Раймбек және Сарқан аудандарында шеберлік сабағын өткізуді көздейді. Оның мұндағы мақсаты - қолкүрестен қазақ жастары арасында әлем чемпиондарын көптеп шығару.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер