Күрес

Бұрымды балуандарымыз жаттығуды 15 қыркүйекте бастайды

Бұрымды балуандарымыз жаттығуды 15 қыркүйекте бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының спортшылары оқу-жаттығу жиындарына оралуда. Әйелдер күресі құрама командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов алғашқы жиындағы жоспарымен бөлісті.

- Әйелдер күресінен Қазақстан командасы жаттығу жиынын 15 қыркүйек күні Ақмола облысындағы Щучинск қаласында бастайды. Жиынға жалпы есебі 30 адам қатысады. Әзірге, нақты кімдердің қатысатынын жоспарлаудамыз. Негізінен, команданың бірінші нөмірлі балуандарына мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын қыздардың аяқ алысын бақылаймыз.

Халықаралық жарыстарға тоқталар болсам, күнтізбеден алынбаған турнирлер қатарында «Польша оупен» бәсекесі бар. Одан бөлек, UWW желтоқсан айында Сербияда әлем біріншілігі өтеді деп жоспарлауда. Мұның барлығы әлі нақты мәлімет еместігін ұмытпау қажет. Әлемдегі жағдайда байланысты бәрі де өзгеруі бек мүмкін. Ал команда мүшелеріне жаттығу жиындары ауадай қажет. Бірнеше ай бойы тезірек жаттығуға оралатын күнді күттік. Алғашқы жиында балуандар ағзасына көп күш түсірмейміз, - дейді ба сбапкер Нұрлан Аманқосов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер