Грек-рим күресі

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың жаттығу жиыны Ақмолада өтеді

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың жаттығу жиыны Ақмолада өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Бақтияр Байсейітов ұзақ үзілістен кейін балуандардың жаттығу жиыны қалай өтетінін айтты.

- Карантиннен кейінгі жаттығу жиынын Ақмола облысы Щучинск қаласындағы "Жақсы-2" спорттық базасында ұйымдастырамыз. Дайындыққа ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшыларынан бөлек, 23 жасқа дейінгі ел чемпиондарын да шақырдық. Бапкерлер мен дәрігерлерді қосқанда жалпы есебі 30 адам жаттығуға қатысады.

Алғашқы жиында негізінен жалпы дене жаттығуына көңіл бөлуді жөн көрдік. Спортшылардың ағзасы үйреніскенше қатты ауыртпалық салмаймыз. Ал екінші жиында балуандар кілемге ауысады. Кір тасы, зілтемір секілді ауыр жаттығу құралдарын пайдаланамыз. Карантин кезінде барлық балуандарды бақылауда ұстадық. Ешкім еркінсіп кеткен жоқ. Бәрі де жаттығу жасап, спорттық бабын жоғалтпауға тырысты. Сондықтан, оқу-жаттығу жиыны сәтті өтеді деген ойдамын, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер