Әлем футболы

Месси «Барселонада» қалатын болды

Месси «Барселонада» қалатын болды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси каталониялық клубта қалатын болды, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, Мессидің әкесі Хорхе Орасио Месси «Барселона» президенті Жозеп Бартомеумен кездесуден кейін осындай шешім қабылдады.

Аргентиналық шабуылшы енді каталониялық клубта тағы бір жыл доп тебеді. 2021 жылы жазда келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде өзге командаға ауысады.

Айта кетейік, өткен маусымда Месси 44 матчқа қатысып, 31 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер