Ұлттық спорт

Карантин алынса, «Жетісу-Жүйрігі» бәйгесін өткізбекпіз - Рүстем Досжанов

Карантин алынса, «Жетісу-Жүйрігі» бәйгесін өткізбекпіз - Рүстем Досжанов
news-banner7
mobile-news-top

Жетісулық атбегілер арнайы кесте сызып, сол бойынша сәйгүліктерін жаратып жатыр. Облыстық бәйге федерациясының президенті Рүстем Досжановта бұл істе белсенділердің біріне айналған.Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында ол ат баптаудағы іс-тәжірибесімен бөлісіп, алғады жоспарларын айтып берді.

Рүстем Досжанов, Жетісу өңіріне белгілі атбегі. 15 жылдан бері ол баптаған тұлпарлар бәйге жүлдесіз оралған емес. Мұның барлығы аттың сырын зерттеп, мінезін танып, жаратудың арқасында келген жетістік, дейді ол. Карантинге байланысты тұлпар баптауда бірнеше өзгеріс енгізіпті.

РҮСТЕМ ДОСЖАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БӘЙГЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Қанша өзіміз оқшаулансақта, карантинге жабылсақта,жылқы малы, әсіресе бәйгеге дайындалып жатқан аттарды қорада ұстап тұру мүмкін емес. Өйткені, бәйге көрген аттардың барлығы мертігіп қалады. Атқораның ішінде тепкілеп, секіріп мазасы кетеді. Сондықтанда бәйге аттарын ауыл шетіне шығарып, жұмыс істетіп жатырмыз».

Атбегі жүйрік аттарды күнде ауыл шетіне аз ғана уақытқа шығарып, серуендетеді. Сонымен қатар 2 -2,5 жарым шақырымға желдіріп, етін қыздыратын көрінеді. Нәтижесінде сәйгүліктің әр қайсысы нақ бабында. Биыл оларды 3 ірі жарысқа қосу жоспарлаған еді. Алайда, індетке байланысты қыл құйрықтар бәсекесі кейінге шегерілген.

РҮСТЕМ ДОСЖАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БӘЙГЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Биыл бәйгенің басталар кезінде карантин болып, бәйгеде болмады. Бұл жағдай дайындықта тұрған жүйріктерге қиынға соққаны, айдан анық. Сонда да болса, карантин кезінде, білікті атбегілер аттарының көңілін аулап, сынақ бәйгеге қосып, аттарын мауқын басып, амалдап ұстап отырған жайы бар».

-Өткен жылы сіз баптаған Қызжирен ШҚО Қазақстанда тұңғыш рет ұзақ қашықтықта өткен аламан бәйгеде 1 келді. Бұл өзі керемет оқиға болды емес пе?

-Өткен жылы бәйге көп болып, бәйгеге қосатын ат азайып қалған еді. Биыл керісінше болып отыр. Өмір болған соң жақсылығы да, қиындығы да қатар жүреді емес па?! Былтырғы жылдың ең маңызды жаңалығы, Тарбағатайда (ШҚО) өткен 140- шақырымдық дүбірлі доданы айтсаңызшы?! Бұрын соңды бұндай ұзақ қашықтық қазақ даласында болмап еді. Қазақтың қазан аттары 140-шақырымды 7-сағат 37 минутта өтіп, Гинестар кітабына кіріп, елімізді бір қуантып тастады. Осы дүбірлі додада, Алматы облысы, Көксу ауданы, Жетіжал ауылының «Қызжирен» тұлпары бас бәйгені ұтып, облысымыздың абройын бір көтеріп тастады. Ат қоссаң ауылыңмен, деген осы шығар. Қыз жирен тұлпарыммен 140-шақырымды ұтып, еліме үлкен қуаныш сыйлағаныма шексіз бақыттымын, деп есептеймін. Мен үшін елдің қуанышы менің қуанышым.

-Рүстем, қазір Қызжиреннің жағдайы қалай?

Рүстем Досжанов Қызжирен тұлпарымен бірге

Рүстем Досжанов Қызжирен тұлпарымен бірге

- Биыл «Қызжиренді»8ай дайындап бәйге болмайтын болған соң үйіріне қоя берген жәйіміз бар. «Дайын болған тұлпарды уақытында бәйгеге салмасаң, жүйрік тазыны уақытында аңға салмасаң, ақынды уақытында дауға салмасаң өзіңе шабады» -деген қағида бекер емес екен. Дайындалып жатқан тұлпардың дайын болып қалған кезінде бәйгені аңсағанын көрсеңіз жаның күйзеледі. Биылғы жылда тұлпарларымыз жаман емес, бір екі жақсы бәйгелерді ұтқан жәйіміз бар.

-Жалпы, атбегілікке қалай келдіңіз? Бұл кәсіп пе? Немесе атадан балаға берілетін құнды мирас па?

- Сұрағыңыз орынды, жалпы атбегілікке келуім, ат жалын тартып мінгеннен бастап десем артық айтпағаным болар. Әкем, Досжанов Әмірғазы Жетіжал совхозында 30жыл жылқы бақты. Әкемнің босағасынан жүйрік үзілмейтін. Бұл кәсіп ата-бабамыздан келе жатқан өнер. Бес жасымнан аттың жалынында өстім, осы күнге дейін жылқыдан ажырағам жоқ. Менің жаным да, қаным да осы жылқымен бір деп ойлаймын.

-Баптаған бәйгеңіз алғаш рет топ жарған кез есіңізде ме?

- Мен Алматы облысы, Көксу ауданы, киелі Жетіжал ауылының тумасымын. Осы саладағы ең алғашқы жеңісім, ол совет өкіметі кезінде малшылар күнінде бәйгеге шауып бәйгелі болған кезім. Осы салада қол тума жылқыммен, үлкен жетістіктерге жеткеніме ризамын. Аллаға шүкір!

-Биыл сіз үшін қиын болды ма? Қандай жосар құрып отырсыз?

-Биыл еліміз үшін өте қиын жыл болып тұр. Бәйге ойламақ тұрмақ, мына пәледен еліміздің аман-есен шығуын Алладан тілеп отырмыз. Қанша жақсыларымызды алып кетті бұл тажал. Осы ұлттық спортымыздың жанашыры, елдің азаматы, жан бауырымыз Жоланнан да айрылып қалдық. Жолланның басқа саланы қоя тұрып, ұлттық спортқа тигізген еңбегі орасан зор еді. Әттең, өмір ғой. Аллаһ қаласа, карантин жеңілдетіліп, бәйгеге рұқсат берсе қазан айында Жолан Ыбырайақынұлы атындағы «Жетісу-жүйрігі» атты, турнирімізді өткізетін ойымыз бар. Елдіңде еңсесі түсіп кетті. Кішкене елдің еңсесін көтеріп, арқасын қоздырып, қазақтың әлі де атқа мініп шабатынын көрсетіп, мауқын басып қоятын жоспарым бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер