Жетісулық жастарға білгенімді үйрету жоспарымда бар - Айдар Күмісбеков

Жетісулық жастарға білгенімді үйрету жоспарымда бар - Айдар Күмісбеков
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ футболының дамуына өзіндік үлес қосқан спортшылардың бірі Айдар Күмісбеков. Ол Талдықорған футбол мектебінің түлегі. 1997 - 2012 жылдар аралығында Қайрат(Алматы), Ертіс(Павлодар), Астана(Нұр-Сұлтан) және Жетісу(Талдықорған) футбол клубтарында өнер көрсетті. Отандық командалар сапында жүріп, 282 ойын өткізген, 12 голдың авторы. Қазақстан чемпионы болып, тасқамал қорғаушы атанды. 1999 жылы Нигерияда жастар арасында өткен әлем біріншілігінде ел намысын қорғады. 2000-2007 жылдары Қазақастанның ұлттық құрамасы сапында 9 ойынға қатысты. 41 жастағы аяқдоп шебері қазір бапкерлікке бет бұрған. Айдар Нұрабекұлы Prosports.kz тілшісіне берген сұхпатында атқарған істері мен алдағы жоспарларын баяндап берді.

-Айдар, сізді жасыл алаңда соңғы рет 2012 жылы футболшы ретінде Талдықорғанның Жетісуы қатарынан көрген едік. Сол жылдары бабыңызда болған едіңіз, кейіннен футболдағы мәнсәбіңізді аяқтады, деп естідік. Оған не себеп болды?

Айдар Күмісбеков

Айдар Күмісбеков

-Ия. 1-2-3 жылдай әлі де футбол ойнауға болатын еді. 2011 жылы Жетісу командасында жүргенімде Қазақстан примьер-лигасында күміс жүлдегер атандық. Одан кейінде жақсы жетістіктерге қол жеткізгенбіз. Алайда, менің ескі жарақаттарым бар еді. Сол қайта ашылып, карьерамды жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Осы себепті, футболшы болумен бір жола қош айтыстым.

- Қазір қайда жүрсіз? Футболдан алшақтап кеткен жоқсыз ба?

-Мен 2012-2015 жылдары Талдықорғанда «Жетісу» командасында дене дайындығына жауапты жаттықтырушы болдым. Жас ойыншыларға білгенімді үйретіп, ақылымды айтып отырдым. 2016 жылы Нұр-Сұлтанға көшіп барып, Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы бас жаттықтырушысының кеңсшісі қызыметінде жүрдім. Биылдан бастап, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт бөлімінде еңбек етемін.

- Сіздің футболшы болуыңызға қандай жағдайлар әсер етті?

-Мен өзім Талдықорған қаласының №4 «Жастар»шағын ауданында туып өстім. Бала күнімнен футбол ойнына құмарттым. 1986 жылы Мексикада әлем чемпионаты өтті. Осы кезде Марадоннаның ойыны ерекше әсер етті. Сондықтан аяқбоп шебері болғым келіп, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөліміне жазылдым. Онда маған Виктор Михаилович Магай деген жаттықтырушы футбол әліппесін үйретті. Осыдан кейін дайындықтардан қалмауға тырыстым. Көптеген жарыстарға қатысып, олжалы оралып жүрдік. 8 сыныпта оқып жүрген кезімде қазақ футболшыларынан құралған «Намыс» селекционерлерінің көзіне түсіп, Алматыдағы спорт мектеп интератында футбол өнерін үйренуді жалғастырдым.

-Сіздің ойнаған алғашқы кәсіпқой клубыңыз Алматының Қайраты ма?

- Менің алғашқы клубым негізінде «Жетісу». Мен 1996 жылы Алматыдағы спорт мектебінде оқып жүріп, қыста Талдықорғанға бардым. Сол уақытта «Жетісу» клубын Қырғызстан маманы Борис Подкорытов жаттықтырды. Сол кезде команда бірінші лигадан жоғары лигаға шыққан кезі. Мен 17 жастағы бозбаламын. Менің ойынымды көріп, Подкорытов менімен келісім-шарт жасасты. Бірақ, сол жылы мен "Жетісу" командасына көмектесе алмадым. Көп ойынға қатыспадым. Өйткені, 11-ші сыныпта оқығандықтан емтихандар болды. Оның үстіне спорт-интернатындағы жаттықтырушым Кузницов оған қарсы болды.

-Сіздің футболдағы амплуаңыз қорғаушы. Тасқамал қорғушы да атандыңыз. Қорғаныста жүріп, қарсыластар қақпасына гол соққан кездеріңіз аз болған жоқ. Бұл жеке шеберліктің арқасы болар?

- 2003 жылы «Ертіс» клубында ойынап жүріп, алғаш рет Қазақстан чемпионы болдым. Сол кезде Павлодарлық команданы Дмитрий Огай мен Жетісу өңірінің тумасы Асқар Қожабергенов деген атақты футбол майталмандары жаттықтырды. Сосын 3 жыл өтісімен «Астана» клубында екінші рет Қазақстан біріншілігінде топ жардық. Күміс, қола жүлдегер атанған кездерім болды.

- Сіздің өміріңізде қандай қызықты оқиғалар болды?

- Мен өмірімде ең қызық есте қалған оқиға ол, 1999 жылы Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына жолдама алуымыз болды. Сол кезде 18-19 жастағы жас жігіттерміз. Алдымен іріктеу ойыны Шри-ланка елінде өтті. Қарсыластарымызды білеміз. Сол кезде біздің командадағы 6 ойыншы бастарын тақырлап, алаңға шықты. Тақырбас болып шыққандардың ішінде менде бармын.Бұл ісіміз, қарсыластарымыздан қорықпаймыз дегенді білдіретін. Сонымен қатар бапкерімізге ұсыныс тастадық. Егер жеңсек жаттықтырушымызда шашын түгел алып тастауы тиіс. Владимир Фамичев оған көнді. Біз сол турнирда қарлыстарымызды жеңіп, әлем біріншілігіне қатысу құқына ие болдық. Бұл тарихи оқиға. Қазақстан футбол тарихында алғаш рет ел құрамасы әлем чемпионатына қатысты. Владимир Фамичев сөзінде тұрып, шашын алып, тақырбас болып, елге оралды.

-Сіз Талдықорғанға келіп, жергілікті жастарды баптау жоспарыңызда жоқ па? Қайткемен тәжірибелі мамансыз?

- Қазір мен бапкерлік біліктілікті жетілдіретін курста оқып жаптырмыз. Ал, Талдықорғанда жергілікті мамандар істеп жатыр. Мен жаңалықтарды естіп отырамын. Туған жерім қайткенмен маған өте ыстық. Жалпы, Талдықорғандағы балалардың шеберлігін шыңдап, футболды жақсы меңгеруіне ат салысу менің ойымда бар

-Қазіргі елдегі футболшылардың деңгейі өсті ме?

-Ия. Қазіргі футболшылардың деңгейі өсті. Қаражатта жақсы бөлінеді. Бірте - бірте шебер ойыншылар шығады. Әлі жанкүйерлерін қуантатын команда бізде боларына толық сенем. Мысалы, біздің кеземізде футбол жарақтарын алудың өзі қиын еді, тіпті доп табу мәселе болды. Соның өзінде әлем біріншілігіне шықтық. Бұл бізде талантты балалар бар екендігін дәлелдейді. Осы күні спортшыладың дайындығына барлық жағдай қарастырылған. Жастар ерінбей дайындалса армандарына жетеді.

- «Жетісу» футбол клубы бас бапкер болыңыз, деп шақырса келерма едіңіз?

-Қазір, басқа салада жүрмін. Осыған байланысты бірден келісімімді бере алмаймын. Бірақ, болашақта ұсыныс болып жатса, неге келіспеске?!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер