Күрес

UWW желтоқсан айында президент сайлауын өткізеді

UWW желтоқсан айында президент сайлауын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Желтоқсан айында Бірікке күрес әлемінің (United World Wrestling, UWW) президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның басшысы қызметіне үміткер жалғыз. Ол – бұл міндетті қазір де атқарып отырған Ненад Лалович. Ал UWW бюросы мүшелегіне талас қызу өтпек. Қазіргі өкілдер (Марина Ди Буссоло Пелликоне (Италия), Педро Гама Фильо (Бразилия), Михаил Мамиашвили (Ресей), Фуад Мескут (Марокко) және Ахролджан Рузиев (Өзбекстан) жұмысын одан әрі жалғастыру үшін бәйгеге түседі. Қазір UWW бюросындағы бір орын бос тұр. 2020 жылдың мамырында болгариялық Цено Ценов қайтыс болған еді.

Әзірге, ұйым мүшелігіне үміткерлер тізімі мынадай: Лусио Канева (Италия), Дэниел Игали (Нигерия), Ян Карснак (Словакия), Дина Харенко (Украина), Марко Корпела (Финляндия), Эдишер Мачаидзе (Грузия), Дон Райан (Канада), Хамид Сорян (Иран), Джонни Самбрано (Эквадор).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер