Басқа

Григорий Ким: Спортшылардың физикалық дайындығын сынақтан өткіземіз

Григорий Ким: Спортшылардың физикалық дайындығын сынақтан өткіземіз
news-banner7
mobile-news-top

Бірқатар спортшылар бүгінде жаттығу жиынына кірісіп кетті. Садақ атудан Қазақстан құрамасы Алматы қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Ким Olympic.kz сайтына ұзақ үзілістен кейінгі жаттығу жиынының негізгі мақсаты туралы айтып берді.

"Жоспар бойынша ұлттық құрама команда 30 тамыз күні оқу-жаттығу жиынына кірісті. Алматы қаласында орналасқан "Тау тұран" лагерінде карантиннен кейінгі жаттығуымызды жалғастырамыз. Басты талапқа сәкес, 6 қыркүйекте жиынға қатысушылардың барлығы ПТР тестін тапсырады. Соның нәтижесінде ұлттық құрама Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» Олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын жалғастырамыз. Спортшылардың физикалық және техникалық тұрғыдан дайындықтарын сынақтан өткізіп көруді жоспарлап отырмыз.

Өкінішке қарай, Азия федерациясы қазіргі таңда ешқандай жарыс ұйымдастырып отырған жоқ. 23-30 қыркүйек аралығында Алматыда жастар арасындағы Қазақстан чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр. Ересектер арасынлдағы ел біріншілігі 19-26 қазанға жоспарланған. Ол Шымкентте немесе Алматыда өтуі мүмкін", - дейді бас бапкер Григорий Ким.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер