Ауыр атлетика

Бақыт Ахметов: Қазақстан және Азия біріншілігіне дайындаламыз

Бақыт Ахметов: Қазақстан және Азия біріншілігіне дайындаламыз
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы жаттығу жинын өткізіп жатыр.

Спортшылар ПТР тестін тапсырып, карантин аймағынан шығып, толыққанды жаттығуға кірісуге мүмкіндік алды. Құраманың бас бапкері Бақыт Ахметовтың айтуынша, жиынның басты мақсаты - Қазақстан және Азия біріншілігіне дайындықты пысықтау.

- Құрама команда ұзақ үзілістен кейін жаттығуға қайта оралды. Қазіргі таңда біз Алматы облысында орналасқан «Ақ бұлақ» Олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Санитарлық талаптардың бәрін қатаң сақтап, сақтық шараларына да аса қатты көңіл бөлудеміз.

Оқу-жаттығу жиынына жаттықтырушыларды қоса алғанда барлығы 30 адам қатысып жатыр. Қазақстан чемпионаты мен биылға жоспарланған Азия біріншілігіне дайындаламыз.

Пандемия ертерек аяқталып, спортшылар қалыпты өміріне, жарыс ортасына қайта оралады деп сенеміз, - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов.

Айта кетерлігі, ауыр атлеттердің жаттығу жиыны 21 қыркүйекке дейін жалғасады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер