Грек-рим күресі

Жетісулық жас балуандар Азия біріншілігіне дайындалып жатыр

Жетісулық жас балуандар Азия біріншілігіне дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Алматы облысының жасөспірімдер құрама командасы қызу дайындықты бастап кетті. Оқу-жаттығу жиыны Талдықорғанмен Текелі қалаларында қарқынды жүріп жатыр. Жетісулық спортшылар қараша-желтоқсан айына жоспарланған Азия чемпионатына қатысуды көздеп отыр,деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Грек-рим күресінің жас шеберлері стадиондар мен ашық алаңқайларда дайындалуды дағдыға айналдырған. Спорттық бабын жоғалтпай, тәжірибесін жетілдіруге көшкен. Облыс құрамасының дені Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған спорт мектеп-интернатының оқушылары. Бапкерлер олардың болашағына үлкен үмітпен қарайды.

Мұхамет Нұғыманов

Мұхамет Нұғыманов

МҰХАМЕТ НҰҒЫМАНОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Азия чемпионаты болып жатса, бізде оған дайын 2-3 салмақта спортшыларымыз бар. 45-тен 48 келіге ауысып жатқан Қажыбеков Әділетке, 71 келіде Далабай Әлиханға үміт артамыз. 110 келіде Ержанат деген балуанымыз бар. Осыларға үміт артамыз».

-Мұхамет, биыл Короноіндеттің салдары спортшыларға әсерін тигізді ме?

- Биыл біз жаз айларында Республикалық және халықаралық турнирлерге қатысуды жоспарлаған едік.Алайда, Тәж тажалы, деп жатырмыз, осының кесірінен балалар сол жарыстарға бара алмай қалды. Әйтпегенде олар алтын, күміс және қола медаль алып керлері анық еді. Өйткені, нағыз бабында болатын. Жарыстар кейінге қалғандықтан балаларды каникулға жібердік. Дегенмен, шәкірттерімнің тым босаңсып кетуіне жол бергенім жоқ. Үйлерінде жазғы демалыста болса да онлайн жүйесі арқылы тікелей эфирден жаттығуларын көріп отырдым. Ауылдық жерлерде ғаламтор желісі әлсіз немесе болмаған жағдайда жаттығуларының көшірмесін талап еттім.

-Қазір шәкірттеріңіздің деңгейі қалай?

-Сол жаттығулардың арқасында балуандар қазір бабын жоғалтқан жоқ. Спортшылар спорт зал ішіндегі кілемде күрескенді аңсайды. 3-4 ай болды далада жаттығамыз. Көбіне, жалпы дене дайындығын жүргіземіз. Осыданда болар балалар кілемде әдіс-тәсілдерді қолданып, тәжірибесін жетілдіре түскісі келеді. Болашаққа үмітпен қарайтын халықпыз. Індет сейіліп, бұл проблема да шешілер.

Мұхамет Нұғымановтың шәкірттері арасындағы талантты балуанның бірі - Әділет Қажыбеков. 15 жаста. Грек-рим күресімен тұрақты түрде айналысқанына 5 жыл болды. Былтыр жасөспірімдер арасында 45 кг. салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Ел мерейін үстем еткен. Биыл да бабына келіп келіп қалыпты. Сәтін салса, өткен жетістігімді қайталаймын, дейді жас атлет.

Әділет Қажыбеков пен  Әлихан Далабай

Әділет Қажыбеков пен Әлихан Далабай

ӘДІЛЕТ ҚАЖЫБЕКОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Әр спортшының арманы Олимпиада чемпионы. Жақсылық Үшкемпіров атамыз сияқты Олимпиаданы ұтып, Қазақстанның көк туын көкте желбіретіп, Қазақстанды танытсам димін. Менің ең ұнататын коронный прием, диді, орысша айткан кезде. Қазақтың қара жамбасы. Әрбір приемді жасау үшін көп рет қайталау керек. Сол кезде бірақ шығады ол жарыстарда».

Балуандар күніне екі рет 1 жарым сағаттан жаттығады. Алдымен жүгіріп дене қыздырады. Одан кейін аяқтан тік тұрып, жамбас, қырқа шалу, иықтан асыра лақтыру сияқты әдістерді жетілдіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер